Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Мемлекет басшысы Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті
REKLAM ALANI
05.07.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті

2022 жылғы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Президенті былтыр қараша айында өткен Брюссельдегі жеке кездесудің және қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа одағымен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөнінде Келісімге қол қойған Орталық Азиядағы бірінші ел екенін атап өтті. Бұл қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатын Еуропа одағымен орнықты байланысты дамытуға бейілді екеніне назар аударды.

Әңгіме барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Олар азық-түлік дағдарысының күрделене түскеніне алаңдаушылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ахуалды жақсарту, ең өзекті деген мәселелер бойынша сенімді диалог орнату үшін күш біріктірудің маңызды екеніне тоқталды.

– Қазақстан Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасында «аралық нарық» рөлін атқара отырып, бұл іске өз үлесін қоса алар еді, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағын балама трансқұрлықтық дәліздерді, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту ісінде ынтымақтастық орнатуға шақырды.

Президент әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікке төнетін қатерге алаңдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан әлем және Еуропа нарығындағы ахуалды тұрақтандыру үшін өзінің көмірсутегі әлеуетін пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылыққа және осы елге көмек беруге қатысты халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдайтынын нақтылады.

Әңгіме соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

 

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-europa-odagynyn-prezidenti-sharl-mishelmen-telefon-arkyly-soylesti-46926

 

 

 

 

REKLAM ALANI